ШҚО Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды
ШҚО Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды аудандық ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап Stan.kz.
Сурет: ШҚО ТЖД
ШҚО Аягөз ауданында әкімнің өкімімен төтенше жағдай жарияланды.
Әкімдік мәліметіне сүйенсек, қала ішіндегі 3 көпір, 5 жаяу жүргінші өткелін су басқан. Толассыз жауын-шашын салдарынан су басқан үйлерден 400 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар Аягөз қаласының қазақ мектеп-лицейіне, №6 орта мектеп-интернатқа және туыстарының үйіне орналастырылыпты.
«Жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдай бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, теміржол мекемелері, ауданның коммуналдық мекемелер қызметкерлері және тұрғындар арасынан еріктілер төтенше жағдайдың салдарын жою үшін жұмыс істеп жатыр. Жалпы 11 арнайы техника, 20 автокөлік, 3 мотопомпа және 200-ден астам жұмылдырылды.
Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге аудандық медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп жатыр. Қаза тапқандар жоқ», – деп жазылған әкімдік мәліметінде.
Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысынының Аягөз, Ұлан, Глубокое аудандары мен Өскемен қаласында жауын соңы тасқынға ұласқан. Қар аралас жаңбырдан келген зардаптарды жою үшін 1000 адам мен 300 техникадан тұратын апаттық құтқару тобы құрылды.
Оқи отырыңыз:
Аягөзде су тасқынынан келген зардаптарды жою үшін, Өскеменнен көмек жасағы шықты
Алматылық жігіт әйгілі әншінің концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, залды шулатты (видео)
Талдықорғанда полиция қызметкерін балағаттаған әйел жазаға тартылды