Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық студенттер өрттен анасы көз жұмып, өзі ауыр халде жатқан жігіт үшін қан тапсыруға шақырды (видео)

Павлодарлық студенттер жеке меншік үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан зардап шегіп, ауыр халде жатқан курстастарына видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: Видеороликтен скриншот

Павлодарлық студент Мирхат Асылханның достарының жүрек елжірететін видеосы Instagram желісінде жарияланды. Курстастары Мирхатқа тезірек сауығуын тілейді.

Студенттердің айтуынша, 16 жастағы павлодарлық жігіт өрттен зардап шегіп, жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Дәрігерлердің мәліметінше, денесінің 70 пайызын күйік шалған жасөспірімнің жағдайы ауыр.

Мирхаттың достары 6 наурыз күні оның үйінде өрт шыққанын айтты.

Тengrinews.kz мәліметінше, бұл ақпаратты ТЖК баспасөз қызметі растаған.

«Өрт 80 шаршы метр аумақты қамтыған. 2001 жылы дүниеге келген азамат денесін күйік шалып, ауруханаға түсті. Оқиға орнынан 1981 жылғы әйелдің денесі табылды», – деп мәлімдеді ҚР ТЖК баспасөз қызметіндегілер.

Өрт салдарынан қайтыс болған әйел зардап шеккен студенттің 37 жастағы анасы болып шықты. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Сонымен қатар студенттер әлеуметтік желі арқылы Павлодар тұрғындарын Мирхат үшін қан тапсыруға шақырды.

 

Это видео друзья Мирхата записали, чтобы поддержать его. Они надеятся, что он скорее поправится: «Привет, друзья! Просим обратить внимание. 7.03.18 парень по имени Мирхат Асылхан 2001 года рождения, проживающий в г. Павлодар, в селе Кенжеколь, получил тяжёлый ожог. Пламя охватило 70% его тела. Сейчас он в реанимации. И ему требуется переливание крови. Дорогие жители Павлодара! Не оставайтесь равнодушными! Если вам есть 18 лет, просим пройти в центр крови по улице Естая, и сдать кровь на имя Мирхата Асылхана.» Регистратура центра крови:324832 Приёмная 324916 #мирхатмыстобой

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

«Мирхат – біздің курстасымыз. Біз онымен бірге еріктілер үйірмесіне қатысамыз. Ол – өте жақсы, көмек қолын созуға дайын тұратын, мейірімді жан. Болған жағдайға байланысты қазір Мирхат көмекке мұқтаж. Біз қайырымды жандардан досымызды құтқару үшін көмек сұраймыз», – дейді студенттер.

Оқи отырыңыз:

Талдықорғанда полиция қызметкерін балағаттаған әйел жазаға тартылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен студенттің мал бағып жүргені анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі ішінде «қауіпті чип» жасырылған жастықтарға қатысты пікір білдірді (видео)

Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінің күзетшілері ер адамға жабылып, себепсіз ұрып тастаған

Талқылау