Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі ішінде «қауіпті чип» жасырылған жастықтарға қатысты пікір білдірді (видео)

Желіде белгісіз ер адам жастық ішінен шыққан «масондардың чипі» туралы айтып қорқытқан видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Видео кадрларында белгісіз ер адам жастықты жыртып, ішінен төртбұрышты, қалың қағаз алып шығып, оны масондар жасырып қойған «чип» деп атайды.

Автордың пікірінше, бұл чиптер адамның миына әсер етіп, қатерлі ісікке шалдықтырады екен.

Tengrinews.kz мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жастықтың ішіндегі заттың «чип» емес, кәдімгі ұрлыққа қарсы заттаңба екенін мәлімдеді.

Бұл заттаңба дүкендегі заттың ақысы кассада төленгеннен кейін істен шығады. Ал дүкеннен ақысы төленбеген тауарды алып шықпақ болған жағдайда, ескерту дабылы беріледі.

Оқи отырыңыз:

Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінің күзетшілері ер адамға жабылып, себепсіз ұрып тастаған

Астанада Scat әуекомпаниясының жолаушылары Мысырға ұшып шыға алмай отыр

Ақтауда әйелдер балаларға арналған қойылым кезінде төбелесіп қалды (видео)

Түскі асқа 14 мың теңге жұмсаған «Ақтөбе» футболшысы арзан бағаға тамақтанғанын айтып мақтанды (фото)

Талқылау