Шымкенттік жүргізуші апалы-сіңлілі оқушы қыздарды қағып кетті
Шымкентте автокөлік жүргізушісі жаяужолға шығып кетіп, бір үйдің екі қызын қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.

Hyundai көлігін тізгіндеген әйел басқа автокөлікке соғысудан қашқан. Көлікті басқара алмаған ол жаяужолға шығып кеткен. Ол сәтте жолдың қиылысында апалы-сіңлілі қыздар бағдаршамның жасыл түсі жануын күтіп тұрған.
Автокөлік қыздарды қағып, бағанаға соғылды. Бастауыш сыныпта оқитын екі қыз "Асар" ықшам ауданындағы балалар ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша жүргізушінің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 2-тармағы ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге алып келген бұзушылығы") бойынша хаттама толтырылды. Екі көлік те айыппұл тұрағына орналастырылды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді