Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкенттің атақты он тумасы: №1 хитмен, саясаткерлер және Қазақстанды әлемге танытып жүрген спортшылар

Шырайлы Шымкенттен шығып еліміздің атын әлемге танытып жүрген танымал адамдар қаншама?! Stan.kz тілшісі Шымкенттен шығып, талайды таңдай қақтырған танымалдарды назарларыңызға ұсынады. Бірден ескере кетейік, бір тізімге оңтүстік өңірден шыққан талай дүлділді сыйдыру мүмкін емес. 

шымкент

Пысықтығы мен еңбекқорлығы арқылы танылған «зың» қаланың зың жұлдыздарының тізімі: 

Павел Прилучный 

Ресейлік танымал кино және театр актері Павел Прилучный Шымкентте туған. Ресейлік жарық жұлдыздың жастық шағы Шым қаланың көшелерінде өткен. 13 жасында әкесі қайтыс болған соң, еш ойланбастан Мәскеуге тартып отырған. Үлкен қалада жан бағу оңайлыққа түспей, алғашында қара жұмысқа жегіліп жүрген. Алайда актер боламын, таныламын деген Павел алған бетінен қайтпай, оқу оқып, киноларға шақырту ала бастаған. "Мажор", "Закрытая школа", "На игре", т.б. көптеген фильмнен кейін танымал бола бастаған. Қазіргі таңда бір ұл, бір қыздың әкесі Павелдің жан-жақты әрі талантты болып қалыптасуына туған жерінің әсері тимей қоймағаны сөзсіз.

Линда 

Трип-рок стилінде танымал болған ресейлік рок-жұлдыз Кентауда туған. 1941 жылғы соғыс кезінде әжесі баларымен қазақ жеріне қоныс аударады. Сол балалардан ұрпақ тарап, 1977 жылы оңтүстік шаһарда Линда туылады.

Екінші сынып оқып жүргенде Самара облысына көшіп кетеді. Сонда оқып, білім алып, әншілік жолдың еркеше жанры рокты таңдаған ол алып державаны өзіне бағындырады. "Игра с огнём", "Марихуана", "Круг от руки", т.б. танымал әндердің орындаушысы өз кәсіби мансабында 3 миллионнан аса альбом сатып үлгерген.

шымкентНазима Жәнібекова

Ресей жерінде атойлап жүрген нағыз талантты ару Назима Жәнібекова - Шымкенттің тумасы. Өз жерінде өнері тұншыққан ару ресейлік ТНТ каналының "Песни" шоуына қатысып, жұлдызын жақты. Өрімдей қыздың өнеріне атақты Тимати тәнті болып,  Баста, Егор Крид сынды ресейлік мега жұлдыздар қол соқты. 

Оның әндері мен бейнебаяндары желілерде топ жарып, миллиондап көрілім жинайды. 

Нұржамал Үсенбева 

Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі, "Құрмет" орденінің иегері, төрт баланың анасы, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева Арыс қаласынан түлеп ұшқан. Қазақстанның атын әлемге паш етіп жүрген  бұлбұл әнші еліміздің құрметті азаматшасы. Оның ең танымал образдарының бірі "Қыз жібек" операсындағы Жібек бейнесі.

шымкент

Өмірзақ Шөкеев 

Түркістанда туып, Түркістан облысына әкім болған Шөкеевте арман жоқ. Жоғары лаузымда жүрген саяси қайраткер бүгінгі таңда туған жерінің отымен кіріп, күлімен шығуда. Ел басына күн туғанда ер етігімен су ішеді деген сөзге әдемі үлгі бола білген Шөкеев жұртымен бірге екенін әр ісінде көрсетуде. Саяси карьерасында президент жанындағы жоғары экономикалық кеңесші болып бастаған ол: Экономика министрі, Қостанай және Нұр-Сұлтан әкімі, вице-премьер-министр, ОҚО әкімі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы, "Тұран-Әлем" банкінің басқарма төрағасы сынды жоғары қызметтерді атқарған. Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған ол оңтүстіктің құрметті азаматы. 

шымкент

Ләйлә Сұлтанқызы

"Әйел бақыты" жобасымен кең танылған белгілі журналист, тележүргізуші Сұлтанқызы ордалы оңтүстікте туған.  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Балапан" телеарнасының директоры", көптеген ток-шоулардың авторы әрі жүргізушісі. 

шымкент

Ғабидолла Әбдірахымов 

Шымкент қаласының атышулы экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та Шымкенттің тумасы. Туған жерінің әкімі болу бағы бұйырған оны халқы қимастықпен шығарып салды. Биліктің сенімін ақтамаған оны әлі де лауазымды қызметтен көруіміз бек мүмкін. "Болашақ" бағдарламасымен шет елде біліп алып, орыс, ағылшын, неміс тілдерін жетік меңгерген Ғабекең Шымкент қаласына "зың" деп баға беріп кеткен еді. 

шымкентҚайрат Нұртас 

Қайрат қанша жерден "Алматының түндері-ай" деп ән салғанымен түбі - Түркістандікі. Хитмен тек Қазақстанда ғана емес алыс-жақын шет елдер мен ТМД-ға аты шыққан мега-жұлдыз. Жақында ғана Шымкент қаласының құрметті азаматы атағын алған Қайратқа тек шығармашылық табыс тілейміз. 

Сәкен Майғазиев

"Шаянға барсаң әншімін деме, Созаққа барсаң күйшімін деме" дейтін оңтүстік өңірдің өнерлі өрендері көп-ақ. Соның жарқын мысалы Созақтан шыққан Сәкен Майғазиев. Атақты "Музарт" тобының солисі, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері. Бүгінгі таңда өзі ашқан өнер мектебінде көптеген өнерлі жастардың жұлдызын жағуда. 

Бейбіт Шүменов 

Кәсіби бокстан орта және ауыр салмақтағы бірінші былғары қолғап шебері атанған Бейбіт - шымкенттің шымыр жігіті. Орта салмақтағы әлем чемпионы (2010—2014), IBA бойынша әлем чемнионы. Еліміздің атын әлемге танытып, көк туымызды желбірітіп жүрген Шүменовтің жетістігі мұнымен бітпейді. Ағасымен бірге Лас-Вегаста жеке промоутерлік компанияның негізін қалаған. 

шымкент

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

 

Дайындаған: Жанна Мәлік

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...