Шымкенттегі жарылыс кезінде туғанына 18 күн болған сәби көз жұмды
Түркістан облысы денсаулық сақтау департаменті Шымкенттегі жарылыс кезінде туған күніне 18 күн ғана болған сәбидің қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар 8 адам жарақат алған.
"Жарылыс кезінде перинаталды орталықта 189 науқас пен 65 қызметкер болған. Қаза тапқандар: бір қызметкер (күзетші Бүркітбаев Ж., 1979 жылы туған), А. есімді әйел дүниеге әкелген сәби, салмағы 790 грамм, туғанына 18 күн болған. Сегіз адам жарақат алып, қалалық медицина орталығына жатқызылды", – делінген басқарма ұсынған хабарламада.
Қазір Шымкент полициясы Қылмыстық кодекстің 292-бабы, 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте дәріханада жарылыс болып, бір адам қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады