Шымкентте дәріханада жойқын жарылыс болып, бір адам қаза тапты (видео)
Шымкентте дәріханада жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс салдарынан дәріхана ғимараты толық қираған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарылыс туралы ақпарат 12:00 шамасында келіп түскен. Дәріханада физиологиялық қоспа өндірілген және перинаталды орталықтың жанында орналасқан.
"Оқиға орнына Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы, жедел-тергеу тобы мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды. Нәтижесінде жарылыс салдарынан 138 ауруханааралық дәріханада жарылыс болғаны анықталды. Жаралыс салдарынан басталған өрт толық оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа газдың жиналуы себеп болған. Салдарынан күзетші мерт болды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Жарылыс болған жерге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те келген.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"