Шымкенттегі жарылыс кезінде қаза тапқандар саны үшке жетті
Шымкенттегі перинаталдық орталықтың жанында орналасқан дәріханада болған жарылыс кезінде қаза тапқандар саны үшке жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке қарай, 1979 жылы туған күзетші,1980 жылы туған жұмысшы және 18 күн бұрын туған бір сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Айта кетейік, бұған дейін жарылыс салдарынан туғанына 18 күн болған сәбидің қаза тауып, тағы 8 адамның жарақат алғаны туралы хабарлаған едік. Оқиғадан кейін Шымкент полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу бастаған.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда