Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі жарылыс: Тұрғын үй және жеті көлік зақымдалды

Шымкентте дәріханада болған жарылыстан жақын маңдағы бес қабатты тұрғын үй мен автокөліктерге зақым келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жарылыс

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті екі қабатты бөлек тұрған ғимараттың "Межболничная 138 аптека" ЖШС-ға тиесілі екенін растады.

Ғимараттың жалпы ауданы – 360 шаршы метр. Өрт 55 шаршы метрді шарпыған. Жарылыстың салдарынан ғимараттың 130 шаршы метрі қирады.

"Жақын тұрған бес қабаттың үйдегі пәтердің терезелері мен балконы бұзылды. Сондай-ақ 7 көлікке зақым келді", – деді департамент мамандары.

Үйінді арасынан денесі күйген ер адамның мәйіті табылды. Болжам бойынша ол – дәріхананың күзетшісі. Қазір марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

Жарылыс салдарын жоюға Төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері мен 9 техника тартылды. Жарылыс себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте дәріханада жарылыс болып, бір адам қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Жарылыс туралы ақпарат 12:00 шамасында келіп түскен.

Талқылау