Шымкенттегі "Мәртөбе" кешенін көруге 70 мыңдай турист келген
Шымкент қаласының аумағындағы 110 туристік нысан бар. Оның ішінде жеті тарихи нысан республикалық маңызы бар "Қазақстанның киелі жерлері" жобасына енген. Осындай тарихи әрі туристік нысанның бірі - Мәртөбе кешені.

Ерекше кешен Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабы мен Қарамұрт ауылының аралығында орналасқан. Қалашықтың орны ҮІІ-ХІІ ғасырларға тән. Биіктігі 6-7 метрді құрайды. Бұл аумақта әйгілі Дала парламентінің келелі жиындары өтіп, "Жеті жарғыға" мөр басылған.
Қолайлы климат, айналаның "бір көзден" көрінісі, Ташкент пен Түркістан сияқты ірі қалалардың жақын орналасуы - осы қазақ билері жиналатын жерді таңдаудың негізгі факторы болған.
Мәртөбе кешені бүгінгі таңда танымал туристік бағыттардың бірі болып отыр. Өткен жылдан бері Сайрам тұрғын алабындағы тарихи нысандарды тамашалауға 70 мыңдай турист келген.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр