Шымкентте жасырын алкоголь шығаратын цех жұмысы әшкереленді
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған есепке алу-бақылау жұмыстарын жүргізе отырып, жасырын алкоголь шығаратын цех жұмысын әшкереледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Turkistan.kz” порталына сілтеме жасап.

Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық "Родная степь", "Русская на бруньках", "Тау эксклюзив" контрафактілік алкогольдік өнімдері табылған.
Сонымен қатар 1000 литр алкоголь, алкоголь өндіруге арналған аппарат, контрафакт есепке алу-бақылау маркалары және 20 мыңнан астам бос бөтелке табылып, тәркіленді.
Сот үкімімен ұсталған азаматқа қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 531 500 теңге айыппұл салды.
Тәркіленген контрафакт алкоголь өнімі жойылады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар