AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мас күйінде көлік айдаған: Ақтөбеде депутат мандатынан бас тартты

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали көлікті мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Кейін ол мандатынан бас тартып, қалалық аумақтық сайлау комиссиясына арыз жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ербол Қасымғалиға қатысты іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, кәсіпкер әрі қалалық мәслихат депутаты биыл мамыр айында Mercedes Benz автокөлігін мас күйінде басқарған. Ол Қарғалы тұрғын үй алабы Қайдауыл батыр көшесінде ұсталды. Сот отырысы кезінде Ербол Қасымғали өз кінәсін мойындамады. Сонымен бірге медициналық сараптама қорытындысымен келіспеді. Тіпті, екінші рет сараптамадан өтуге болатыны туралы түсіндіріп айтпағанын алға тартты. Ал дәрігер Т.Беркутбаев оның сөзін жоққа шығарып, шын мәнінде жеңіл масаң күйде болғанын айтып берді.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" бабы бойынша Ербол Қасымғалиды кінәлі деп танып, оны 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Сонымен бірге ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бағланбек Құрманалиннің айтуынша, Ербол Қасымғали депутаттық мандатынан бас тартып, арыз жазған. Арыз қабылданды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр