Қырғызстаннан Қазақстан аумағына 26 мың бөтелке ішімдікті жылдам дайындалатын кеспе қорабымен өткізбек болған
Қырғызстаннан Қазақстан аумағына 26 мыңға жуық алкогольді ішімдікті жылдам дайындалатын кеспе қорабына салып өткізбек болған ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заңсыз ішімдіктер "Айша-бибі" шекара бекетінде көліктерді тексеру кезінде анықталған.
"Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен экономикалық тергеулер департаменті бірлесе отырып жүргізген шаралар аясында екі автокөлік тоқтатылды. Mercedes автокөлігін И. Есімді Қырғызстан азаматы, Renault Premium автокөлігін Б. есімді Қырғызстан азаматы тізгіндеген. Тексеру кезінде Қазақстан Республикасы аумағына Parlament және Antivirus арақтарының 25 920 бөтелкесін заңсыз алып кірмек болғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Заңсыз ішімдіктер Big Bon жылдам дайындалатын кеспесінің қорабына салынған. Ішімдіктердің жалпы құны 25 660 800 теңгеге жуық. Қазір Жамбыл облысында тергеу жұмыстары басталды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған