Шымкентте жанжал барысында әйел жұбайына пышақтап тастаған
Шымкентте отбасылық кикілжіңнің соңы кісі өлімімен аяқталды. Жанжал барысында әйел жұбайына пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

48 жастағы ер азаматтың дене жарақатынан қайтыс болғандығы туралы полицияға жедел жәрдем бригадасы хабар берген. Тексеру барысында отбасылы ерлі-зайыптының арасында туындаған жанжалдан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.
"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, болған істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп тексеру амалдары жүргізілуде", – деп мәлімдеді Шымкент қалалсы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты
Сөзінше, Galmart супермаркетінің сатып алу бөлімі қазақстандық тауар премиум сапаға жатпайды деп макарон өнімін алмай қойған
2026 жылы қазақстандық жүргізушілердің айыппұлы қанша болады
Қазақстанда 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4325 теңгеге өседі