Артында төрт баласы қалды, ең кішісі – алты айлық сәби: Түркістан облысында күйеуі әйелін ұрып өлтірді
Түркістан облысында ер азамат 30 жастағы әйелін өлімші етіп сабап тастаған. Оқиға жайлы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналистің айтуынша, көп балалы ана ауруханаға жеткізілгенімен, тілге келмей, көз жұмған. Оның артында төрт баласы қалды. Ең кішісі – алты айлық сәби.
“Нашақор күйеуі балаларының көзінше анасын ұрып тастаған. Ер азамат мас болған. Әйелдің қатты соққыға жығылғаны сонша, сау-тамтығы, сынбаған сүйегі қалмаған”, – деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Облыстық полиция өкілдері ер азаматтың ұсталғанын хабарлады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі