Көкшетаулық азамат танысудан бас тартқан қыздың бетінен ұрып жіберген
Көкшетауда 19 маусымға қараған түні тәртіп сақшылары бейтаныс қыздың бетінен ұрған мас жігітті ұстады. Оқиға туралы Ақмола облысының полиция департаментінде айтылды деп хабарлайды Stan.kz Ақпарат агенттігі.

Ведомствода 19 маусым күні сағат 01.30-да Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне телефон хабарламасы келіп түскені айтылды. 18 жастағы қала тұрғыны дене жарақатын алған кезде құрбысымен бірге болған. Көрсетілген мекенжайға патрульдік полиция батальонының экипажы дереу келді. Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиға орнында ұстады. Танысуға деген ниетінің аяғы сәтсіз әрекетке ұласып, Солтүстік Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны қыздың бетінен ұрғаны белгілі болды.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды", – деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.