Шымкентте тұрғындар 400-ден астам жер учаскесін өз беттерінше иемденіп алған
Шымкентте 400-ге жуық жер учаскелері табылды. Прокуратураның мәліметінше, тұрғындар қажетті құжаттарсыз үйлерді салып үлгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот шешімі бойынша мұндай ғимараттар бұзылады. Бас жоспарға сәйкес, бұл учаскелерде жол, мектеп немесе балабақша болуы керек еді.
Қазір Шымкентте "Өз бетінше алып алуға жол жоқ" жобасы жалғасуда. Жер учаскелері аэроғарыштық түсірілім арқылы бақыланады. Биыл прокурорлар жер алаяқтығының бірнеше фактілерін анықтады. Мемлекет меншігіндегі учаскелерді заңсыз сатқан бүкіл қылмыстық топтар ұсталды.
“Бұл – мемлекеттік меншіктегі жерді алаяқтық әрекеттер арқылы сатқан тұлғалар тобы. Қазір қылмыстық іс бойынша 18 факт тергелуде, онда 43 миллион теңгеден астам шығын анықталды”, – деп мәлімдеді Шымкент қалалық прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"