Шымкентте су құбыры жөнделді
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қаладағы ірі жобалардың бірі Т.Рысқұлов-Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы мердігер мекеме "Bazis Construction" ЖШС тарапынан жүргізілуде.

Аталған жұмыстарды жүргізу кезінде Т.Рысқұлов көшесінің бойында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не қарасты су құбырына зақым келтірілді.
Қазіргі таңда су құбырына келтірілген зақым қалпына келтірілді, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету тоқтатылған жоқ. Құрылыс жұмыстары өз жалғасын табуда.
“Құрылыс жұмыстары қаламыздағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және орталық көшелердегі автокөлік қарқындылығын төмендету бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар екендігін ескере отырып, тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз”, – делінген әкімдік хабарламасында.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр