Шымкентте хоккейден республикалық турнир басталды
Шымкент қаласында 11-15 қазан аралығында шайбалы хоккейден 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында "Федерация Кубогына" арналған республикалық турнир өтеді.

Бүгін қалалық "Мұз сарайында" жасөспірімдердің бәсекесі бастау алды. Жарысқа Алматы қаласының "Rakhimzhan", "Medvedi", Павлодар қаласының "Ertis", Нұр-Сұлтан қаласының "Brigantina", "Barys", "Astana", Ақтөбе қаласының "Aqtobe", Атырау қаласының "Beibarys" және Шымкент қаласының "Turan" командасы қатысуда.
Бүгін кешкі бағдарламада Шымкент қаласының "Turan" командасы елордалық "Barys" командасына қарсы алғашқы бәсекесін өткізеді.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар 15 қазан күні анықталады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді