Шымкентте емшіге емделген 13 жастағы бала көз жұмды
Шымкентте емші жасөспірімді көз жұмғанға дейін емдеді. Бір нұсқа бойынша, дәстүрлі емшінің емі салдарынан бала қайтыс болуы мүмкін.

Шымкентте емші емдеп жүрген 13 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
12 тамызда жедел жәрдем көлігі 18 шағынаудандағы №13 үйге 2006 жылы туған балаға медициналық көмек көрсету үшін келіп жетті. Алайда дәрігерлер келгенге дейін бала қайтыс болды.
Бір нұсқа бойынша, дәстүрлі емшінің емі салдарынан бала қайтыс болуы мүмкін. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істейді.
Шымкент қаласының полиция бөліміне не болғанын түсіндіруге сұрау жіберілді. Баланың ата-анасы полицияға шағымданған-шағымданбағаны әлі белгісіз. Белгілісі - ата-анасы жасөспірімді емшіге өздері апарған. Олар баласыныі сынған қолын емдемек болған.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті