Шымкентте бір топ жігіт бес баланың әкесін ұрып өлтірген
Шымкентте жастар 39 жастағы ер адамды соққының астына алып өлтірген. Сот үкімімен күдікке ілінген жалғыз азамат сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда,бұл шешіммен марқұмның әйелі келіспейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бес баламен жесір қалған әйел тағы үш жасөспірімнің жазадан сытылып кеткеніне наразы.
Қайғылы жағдай 2023 жылдың қыркүйегінде таңғы сағат 04:00 шамасында болған. 39 жастағы Толқын Абдурахманов пен 11-сынып оқушыларының арасында көшеде жанжал туындайды. Кейін төбелеске 20 жастағы тағы екі жігіт қосылады. Осы жағдайдан кейін бес баланың әкесі оқиға орнында қайтыс болады.
Бір топ жастар мен азамат арасындағы кикілжің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дегенмен адам өлімімен аяқталған бұл істе олардың біреуі ғана күдікке ілініп, 8 жылға сотталды. Судья сөзінше, сотталушы соққысынан кейін марқұмның миына қан құйылған. Ал төбелеске қатысқан өзге жасөспірімдер сотқа куәгер ретінде қатысты.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"