Шымкентте әйел такси көлігінің терезесін кірпішпен ұрып сындырған

Шымкентте әйел такси жүргізушісінің көлігінің терезесін кірпішпен сындырған. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан әйел адамның көліктің бүйір және артқы терезелерін кірпішпен ұрып, сындырғанын көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан әйелдің "Яндекс.Такси" қызметінің жапсырмасы бар көлікті зақымдап жатқаны анық байқалады.
Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді.
“Өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу және тағайындалған сараптамалар нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
Оқиғаның басқа жай-жапсары әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық такси жүргізушісі жолаушы әйелмен арадағы әңгімені жазып алып, оны бопсалағаны туралы жазған едік.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды