Шымкентте әкесі үш қызын бірдей зорлап келген
Шымкентте әкесі үш қызын зорлап келген. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vera.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбсаттар Шахиддинов соңғы жылдары зорлық әрекеттерінің артқанын айтты.
Судьяның айтуынша, бұл қылмыстардың 98 пайызында өгей әкесі немесе аналарының серіктестері жасаған болып шығады. Бірақ Әбсаттар Шахиддиновтың тәжірибесінде өткен жылы өз әкесінің қыздарын зорлап, қудалау фактілері орын алған.
"Қызының бірі 5-сыныпта оқып жүргенде, оған жыныстық зорлық-зомбылық жасаған. Екіншісі де кәмелеттік жасқа толмаған. Үшінші үлкен қызын да зорлаған және ұсталғанға дейінқызын зорлауды жалғастыра берген. Полицейлер бұл оқиғадан қыз тұрмысқа шығайын деп жатқанда ғана хабардар болды. Болашақ күйеу жігіт әкесімен әңгіменің куәсі болды. Анасы не болып жатқанын білмейді", – деді судья.
- Отбасының намысы үшін: 5 жасар қызды бөтен ер адам ұрлап, зорлағаннан кейін ата-анасы бүлдіршінді өлтірген
- 5 ай ауруханада жатқан сәбидің әжесі Жамбыл облысынан табылды
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау үшін қыздардың айғақтары, оның педофил деп танылғаны туралы сарапшының қорытындысы және ер адамның өз қыздарына осылай жасағаны туралы жеке сенімі жеткілікті болды. Енді ер адамға химиялық кастрация жасалмақ.
Мұндай істерді қарау оңай емес дейді судья, өйткені кәмелетке толмаған қыз кейде өз еркімен үлкен жігіттің соңынан ереді. Мұның барлығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары бойынша аса ауыр зардаптарға әкеп соғады дейді Шахиддинов.
"Мен мұндай істерді қарауды ұнатпаймын. Қазір бізде олардың саны көп. Айыптаулардың басым бөлігі жәбірленуші жасөспірімдердің куәлігіне негізделген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар қылмыстың нақты күнін есіне түсіре алмауы мүмкін", – дейді Әбсаттар Шахиддинов.