Шымкентте заң бұзған қытайлықтарға қатысты сот шешімі шықты
Шымкентте заңсыз жолмен Қазақстан аумағында жұмыс жасап жүрген қытайлықтарға қатысты сот шешімі шықты. Судья 31 Қытай азаматын елден шеттету жөн деген шешім шығарды. Ал гастарбайтерлерді жұмысқа тартқан кәсіпорын басшыларына миллиондап айыппұл салынды. Ең қызығы олар да қытайлықтар екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Сот үкімімен Чжу Цзян Баоға айлық көрсеткіш 2500 еселенген мөлшерінде, яғни 6 миллион 125 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Сонымен қатар ҚР аумағынан шығарылып, 5 жыл мерзімге қайта кіруге тыйым салынған", - деді Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.
Инвестор ретінде келген қытайлық азамат Шымкенттегі индустриялдық аймақта металл өңдеу зауытын ашпақ болады. Алайда құрылысты жүргізуде өз отандастарына ғана сеніпті. Осылайша 2018 жылы Алматының әуежайы арқылы 31 қытайды шақыртып алыпты. Бірнеше күнге келгендей болған олар ары қарай Шымкентке жетіп, жайбарақат заңсыз жұмыс істеп келген. Яғни жатын орын мен жалақысы жақсы болыпты. Бірақ өткен жылдың күзінде көші-қон полициясының қолына түскен.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"