Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді
Шымкентте жасырынбақ ойнаған сегіз жасар баланы 300-дей адам алты сағат сағат іздеген. Сөйтсе бала ұйықтап қалыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға балалар арасындағы ойыннан басталған. Сегіз жасар Жасұлан көрші балалардан тығылыпты. Оны іздеп таба алмаған жеткіншектер тарап кетіп, кешкі сағат сегізде ата-анасы шарқ ұрып іздейді. Аяқтан тозған олар арада екі сағат өткенде полицейлердің көмегіне жүгінеді. Көрші-қолаң, тәртіп сақшылары – 300-ге жуық адам аяқтан тозып іздеп жүрсе, бала есік алдында тұрған қораптың астында ұйықтап жатыпты.
"Баланы тауып бергендеріңізге баршаңызға рақмет! Аман-есен табылды. Көршілеріме ризамын", — дейді әкесі.
Бірнеше сағат бойы жеңіл киіммен жатқан Жасұлан тоңып қалыпты. Тоңып әрі қорқып қалғаны болмаса, балақай дін аман.
Қазақстандық бір кездері бәліш сатып, бүгінде жасанды интеллект көмегімен миллиондаған табыс тауып отыр
Маркетологтан кәсіпкерге дейін: тараздық жігіттің 450 миллион теңгелік бизнесі
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған