Шымкентте 2 жасар баланың қолы ет тартқышқа қысылып қалған
Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушыларды жедел жәрдем қызметкерлері шақыртқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобы екі жасар баланың қолын электрлі еттартқыш шайнап тастағанын анықтады. Аға фельдшер Сержан Сәбденов, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Оң қолының көптеген жері сынған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады Шымкент ТЖД.
Ресми ақпаратқа сәйкес, баланың қолын механизмнен шығару үшін жедел әрекет ету бригадасы апатты-құтқару жабдығын пайдаланды. Ол кезде бала наркозда болған.
Қазіргі таңда баланың жансақтау бөлімінде екені нақтыланды.
Төтеншеліктер ата-аналардан кішкентай балаларына мұқият қарап, абай болуды ескертеді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады