Шымкентте 18 жастағы жігіт жүрегін беріп, донор болды
Бүгін Шымкентте жүректі ауыстыру операциясы жүріп жатыр. Донор 18 жастағы азамат екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырар” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, донор жол апатынан зардап шегіп, ауруханада көз жұмды. Енді оның жүрегі басқа адамға ауыстырылады.
Бейнежазбада жүректі трансплантациялау үшін арнайы қорапқа салып, алып жатқаны байқалады. Басқа ақпараттар анықталып жатыр.
Трансплантацияны Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының дәрігерлері Сүйгенбаев Дархан, оператордың көмекшісі Балымов Жасарал және анестезиолог Перменов Бекжан жүргізеді.
Еске салайық, бұған дейін өмірден өткен қазақстандық әйел донор болып, бес адамның өмірін құтқарып қалғанын жаздық. Ағза ауыстыруға кезекте тұрған үш пациентке операцияны 17 шілде күні University Medical Center қорының мамандары жасаған. Донор – 44 жастағы әйел, ол геморрагиялық инсульт алған.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге