Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қызметінен босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды", –делінген Ақорда хабарламасында.
Мұрат Әйтенов 2020 жылдың 21 қаңтарында Шымкент әкімі болып тағайындалған еді. Ал 2022 жылдың 1 желтоқсанында бұл лауазымға қайта тағайындалған.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы, Президент Іс Басқарушысының орынбасары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарында болған.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге