Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі Лондоннан сәлем жолдады: Қазақстанда жұмыс істеп, өмір сүру керек (видео)

Шымкент әкімі Ғабидолла Абдрахимов Лондоннан сәлем жолдады. Не себепті Қазақстанда өмір сүру керек екенін айтты.

Бұл туралы Ғабидолла Абдрахимов Instagram парақшасында айтты. 

Әкім Лондондағы екі күндік іс-сапары кезінде видеоүндеу жолдады. 

"Лондонннан сәлем. Таңғы астан кейін Гайд-паркке қыдыруды жөн деп шештім. Лондон - әлемнің астанасы. Оны дәлелдеудің керегі жоқ, бірақ мен бәрібір Қазақстанды жақсы көрем. Қазақстанда жұмыс істеп, өмір сүру керек. Әлем елдеріне демалу үшін келу керек. Бақыт деген сонда секілді. Балаларымызға, патриот ұрпағымызға Қазақстанда табысты жұыс істеп, бәріне қол жеткізіп, әлем елдерінде демалуды тілеймін", - дейді ол. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

London. Hyde park.

Публикация от Gabidulla Abdrakhimov (@gabidullaabdrakhimov)

Шымкент әкімінің ойынша, мұндай мүмкіндік қазақстандықтар үшін 1993 жылы туды. Бұл жылы президент "Болашақ" стипендиясына қол қойды. 

"Мен еліме, елбасыға, елімізді біздің қолға тапсырған барлық алдағы буынға алғысымды айтамын. Қазақстанның үлкен болашағы бар. Мен бұған сенемін", - дейді әкім. 

Талқылау