Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шамалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Шамалған станциясындағы пойыз бен автобустың соқтығысуынан зардап шеккен автобус жолаушылары - әйел мен екі бала - ауруханананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы облысының Шамалған станциясында "Алматы-Қостанай" бағыты бойынша келе жатқан пойыздың жолаушылар автобусына соқтығысуы салдарынан зардап шеккен әйел мен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр.

"Қаза тапқан жүргізуші 1979 жылғы азамат. Зардап шеккен үш адам - 1984 жылы дүниеге келген әйел мен оның 3 және 5 жастағы балалары. Олардың барлығы жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған фактқа қатысты 345 статьяның 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеу Алматы облысының полиция департаментіне тапсырылды", - делінген аталған құзырлы органның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жантүршігерлік жол апаты бойынша іс Бас көлік прокуратура бақылауына алынды. 

Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысындағы жолаушылар пойызы мен рейстік автобустың қатысуымен болған ірі жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын жүргізу үшін арнайы комиссия құрды. Бұл туралы аталған ведомствоның басшысының кеңесшісі Руслан Иманқұлов хабарлайды. Арнайы комиссия мүшелері оқиға орнына жол тартты. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыс әкімдігінде ЖКО кезінде екі адам көз жұмып, тоғыз адамның жарақаттанғаны туралы хабарланған еді. 

Ірі апат Алматы облысының Шамалған станциясында орын алды. ҚР Индустрия және инфраструктуралық даму министрі Руслан Иманқұловтың айтуынша, төтенше жағдай 15 қыркүйекте, сағат 19.08-де, Ақсеңгір-Шымалған теміржол учаскесінде орын алды. №43 "Алматы-Қостанай" жолаушылар пойызы "Setra" маркалы №453 "Алматы-Қаскелең" рейсі бойынша жолаушылар тасымалдайтын автобуспен соқтығысқан. Автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен. Салдарынан үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты қағып кетті. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды. Олардың екеуі - бала, біреуі - әйел адам. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі жол апатына қатысты Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында көңіл айтып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады. 

Талқылау