Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Алматы облысында үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолда кідіріп тұрған автобусқа соғылды. Салдарынан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды. Жантүршігерлік жол апаты Шамалған станциясында орын алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: құрбан болғандар бар

Жантүршігерлік апаттың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Алматы облысының Ішкі істер департаментінде апат туралы ақпаратты растады. Алдын-ала ақпарат бойынша, оқиға орында екі адам көз жұмып, тоғыз адам жарақаттанды. 

"Алдын-ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан 2 адам қаза тауып, 9 адам жарақаттанды. Апат орнында жедел медициналық жәрдем көліктері жеткілікті, олар қызмет етуде. Оқиға орнына Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев келіп жетті. Жақын маңдағы барлық ауруханалар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді", - делінген құқық қорғау органдары таратқан ақпаратта. 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде оқиға бойынша арнайы штаб құрылды. 

Ірі апат Алматы облысының Шымалған станциясында орын алды. ҚР Индустрия және инфраструктуралық даму министрі Руслан Иманқұловтың айтуынша, төтенше жағдай 15 қыркүйекте, "Екатеринбург-Алматы" теміржолының 2449 шақырымында орын алды. Автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен. Салдарынан үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты қағып кетті. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр