Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шамалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Алматы облысының Шамалған станциясында орын алған ірі жол апатында екі бала мен бір әйел жарақат алды. Бұл туралы Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы облысының Полиция департаментінде Шамалған станциясында болған ірі апатта зардап шеккендер туралы хабарланды. 

"Setra автобусы. Жүргізушісі апат орнында көз жұмды. Үш жолаушысы жарақат алды: Екі бала мен бір әйел. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қаскелең қаласына. Автобус Алматы-Қаскелең маршруты бойынша жолаушы тасымалдаған", - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментінде. 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде оқиға бойынша арнайы штаб құрылды. 

Ірі апат Алматы облысының Шамалған станциясында орын алды. ҚР Индустрия және инфраструктуралық даму министрі Руслан Иманқұловтың айтуынша, төтенше жағдай 15 қыркүйекте, "Екатеринбург-Алматы" теміржолының 2449 шақырымында орын алды. Автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен. Салдарынан үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты қағып кетті. Оқиға орнында екі адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі жол апатына қатысты Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында көңіл айтып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады. 

Талқылау