Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты Twitter-дегі өзінің парақшасында көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"Алматы облысының "Ақсеңгір-Шамалған" станциясында ірі апат болды. 67 жолаушысы болған автобусқа пойыз соғылды. Бір адам қаза тапты, жарақаттанғандар бар. Мен жақындарына көңіл айтамын. Тергеу амалдары басталды", - дейді президент Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында. 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде оқиға бойынша арнайы штаб құрылды. 

Ірі апат Алматы облысының Шамалған станциясында орын алды. ҚР Индустрия және инфраструктуралық даму министрі Руслан Иманқұловтың айтуынша, төтенше жағдай 15 қыркүйекте, "Екатеринбург-Алматы" теміржолының 2449 шақырымында орын алды. Автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен. Салдарынан үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты қағып кетті. Оқиға орнында екі адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр