Шілде айында демалыс күндері ауысады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" үкімет қаулысының жобасын ұсынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар биыл шілдеде төрт күн қатарынан демалуы мүмкін. 6 шілде Астана күні бейсенбіге сәйкес келетіндіктен, жұма күнгі жұмыс күні 1 шілдеге ауыстырылады. Яғни 6,7,8 және 9 шілде демалыс күні болып жарияланбақ.
"Демалыс күні 1 шілде сенбіден 7 шілде, яғни жұмаға ауыстырылсын", – деп жазылған қаулы жобасында.
Министрліктің хабарлауынша, демалыс күнін шегеру жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған.
Құжат 2023 жылдың 15 наурызына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды