"Шығыс Қазақстанда газ бағасы 120 теңгеден сатылып жатыр": Желіде тараған ақпаратқа әкімдік түсінік берді
"Шығыс Қазақстан облысында газ бағасы арзандағанына қарамастан, 120 теңгеден сатылып жатыр" деген ақпаратқа Риддер қаласының әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, Риддерде сұйытылған газды 120 теңгеден сатып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Жалған ақпарат әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен.
- Баға келісімі болуы мүмкін: Атырау облысында кәсіпкерлер күдікке ілінді
- Жаңаөзендегі "Қазақ газ өңдеу зауытының" басшысы ұсталды
"Риддердегі жанармай құю бекетіндегі автогаздың литрі 120 теңге тұратыны туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. 14 қаңтардағы жағдай бойынша Хлебный көшесі, 3 мекенжайында орналасқан жанармай құю бекетінде сұйытылған газ литрі 60 теңгеден сатылуда", – деп мәлімдеді әкімдік.
Бұл ақпаратты сонымен қатар қалалық газ шаруашылығының директоры Александр Федоров та растады.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған