Баға келісімі болуы мүмкін: Атырау облысында кәсіпкерлер күдікке ілінді
Атырау облысында сұйытылған газ сататын кәсіпкерлер баға келісімі болуы мүмкін деген күдікке ілінді. Қазір 22 бизнес нысанына қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Егер кәсіпкерлердің кінәсі дәлелденсе, олар әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынуы мүмкін.
"Бәсекелістікті қорғау аясында заң бұзушылықтарының орын алғаны анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша кәсіпкерлер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартылады. Айыппұл мөлшері орта бизнес табысының 3% , ірі бизнес табысының 5% тең болады", – деді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департамент басшысы Айгүл Набиева.
Айта кетейік, бұған дейін депутаттар газ бағасына қатысты пікір блдіріп, энергетика министрлігі сұйытылған газ өткізудің жаңа ережелерін әлі жасаған жоқ деп айтқан еді.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған