Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығын 623 миллион теңге: "ӨзенМұнайГаз" компаниясының қаржысын заңсыз жымқырғандар ұсталды

Маңғыстау облысында "ӨзенМұнайГаз" АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеу барысында "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаевтың таныстарын жалған жұмысқа тарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталды. Компания бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары  Е.Карамурзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы, сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды. 

"Келтірілген шығып көлемі 623 миллион теңге. Сонымен қатар алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 миллион теңгені жымқырып, талан-таражға салған компания мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды. Барлық қылмыстық істер сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды. Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін олар кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

Талқылау