Шығын 100 миллион теңге: Таразда әкімдік қызметкерлері тәркіленген мүліктерді заңсыз шығарып алған деп айыпталды
Қаржы мониторингі агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заң бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 2Gis
Әкімдіктің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасап, коммерциялық жылжымайтын мүлік пен тауарларды мемлекет балансынан заңсыз шығарып алған. Ал негізінде олар сот үкімдері бойынша тәркіленген.
“Салдарынан мемлекетке 100 миллион теңгеден астам залал келді. Қазір тергеу-жедел іс-шаралар, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданады”, – деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігі.
ҚМА өзге ақпаратты жариялаудан бас тартты.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”