Шетелдіктер Қазақстан азаматтығын алу үшін 100 сұрақтан тұратын тест тапсырады
Қазақстан азаматтығын алу үшін шетелдіктер 100 сұрақтан тұратын тест тапсырады. Ғылым және жоғары білім министрлігі емтихан тапсырудың ережелерін әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжат қоғам талқысына шығарылды. Жаңашылдыққа сай, сынақтан сүрінбей өту үшін кемінде алпыс ұпай жинау қажет. Емтиханда қазақ тілінен тыңдалым бойынша 20, оқылым бойынша 40 сұрақ қойылады.
Cондай-ақ, ел азаматы болғысы келетіндердің Конституция негіздері мен Қазақстан тарихы бойынша да білімдері бағаланады. Тестілеуге барлығы 2 сағат 10 минут уақыт беріледі.
Мына тұлғалар сынақтан босатылады:
- кәмелетке толмағандар;
- әрекетке қабілетсіз тұлғалар;
- Қазақстанға сіңірген ерекше еңбегі немесе қажетті кәсібі бар тұлғалар;
- этникалық қазақтар;
- халықаралық шарттар бойынша азаматтықты жеңілдетілген алу құқығы бар адамдар.
Тестілеуге өтінімдер белгілі бір кезеңдерде қабылданады:
- 10 қаңтардан 20 қаңтарға дейін;
- 10 сәуірден 20 сәуірге дейін;
- 10 шілдеден 20 шілдеге дейін;
- 10-20 қазан аралығында.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін және тарихын білмейтіндерге азаматтық бермеу туралы заңға қол қойған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі