Шетелде жүрген Бүркіт пен Аиша құйынды дауылдан аман қалды
Әдеттегідей клип түсіру мақсатымен шетелге аттанған Бүркіт пен Аишаның бұл сапары табиғи апатпен тұспа тұс келді. “Ұмытылмас” атты су жаңа әнге Доминиканада бейнебаян таспалап жатқан жұлдызды жұптың өміріне кеше қауіп төнді. Себебі аталған аймақта ирма дауылы болып, оның салдарынан бірнеше адам көз жұмды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қазіргі уақытқа табиғи апаттың 6 адамның өмірін қиғаны белгілі болып отыр.
Ал қазақ елінің сүйікті әншілері Бүркіт пен Аиша аман-есен екендерін әлеуметтік желі арқылы жеткізді.
“Ассалаумағалейкүм достар! Мына ирма дауылы өтіп кеткендей болды. Шетімен өтті-ау деймін, қатты байқалмады. Жел тұрды, жаңбыр құйып тұр әлі, бірақ қатты дауыл болған жоқ! Уфф дедік. АЛЛАҺ сақтады бізді! Біз үшін уайымдаған достарға үлкен раxмет!” – дейді Бүркіт.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Бесбаев тізгінін ұстаған “Жекпе-жек” жобасы туралы не білеміз
Бибігүл Төлегенова эстрада жолына түсіп кеткен Рымбаева мен Жүнісованы сынап тастады
Қуандықтың әніне “пародия” жасаған Мақпал Жүнісова жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Ақбота Сейтмағамбет: Адамның сыртқы келбетін емес, адамдығын бағалайықшы