Шетелде екпе салдырғандар Қазақстанда вакцинация паспортын ала алмайды
Шетелде вакцина салдырға адамдар Қазақстанда вакциналау паспортын ала алмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерде екпе алса, ол адам вакцинациялау паспортын Қазақстаннан ала алмайды", - деп жауап берді Әлия Рүстемова.
Сондай-ақ, ол вакциналау паспорты медициналық ұйымдардағы ақпараттық жүйелермен біріктірілген eGov мобильді қосымшасында жасалатынын еске салды.
"Науқас вакцина аулға келген сәттен бастап екінші компонетті салғызған кезге дейінгі әрекеттің бәрі ақпараттық жүйеге енгізіліп, автоматты түрде eGov-та вакциналау паспорты қалыптасады. Онда вакцинаны алған медициналық ұйым, дәрігердің деректері, серияға дейін және қандай вакцина алынғаны нақты жазылған. Сондықтан шетелде вакцина алғандардың Қазақстанда төлқұжат алуы мүмкін емес", - деп түсіндірді Әлия Рүстемова.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек