AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау вице-министрі вакцина алғаннан кейін қайтыс болғандар туралы айтты

Денсаулық сақтау вице-министр Ажар Ғиният вакцина алғаннан кейін қайтыс болғандар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы өткен брифингте айтты.

“Барлық жағдай денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Бірінші жағдай Алматы облысындағы біздің әріптесіміз, қалалық перзентханада жұмыс істеген. Комиссия жұмысты аяқтады. Онда жүректің созылмалы ауруы болған. Диспансерде тіркелген. Дәрігерге қаралмаған және ауыр препараттар қабылдамаған”, - деді Ғиният.

Ол атағандай, комиссия вакцинаның жеткізілуі мен денсаулық сақтау ұйымына жеткізілуіне дейінгі жолын зерттеді.

“Комиссияның қорытынды нәтижесінде вакцинадан медициналық сараптама бойынша вирус немесе органдық вирусы табылмады. Өлімге себеп болған жүректің созылмалы патологиясы болды. Оған вакцинаға қатысы жоқ. Екінші жағдай бойынша алматылық азамат дәрігердің жеке қаралуында болмаған, диспансерде де тіркелмеген”, - деді ол.

Ажар Ғиният ол Алматы қаласының 2-емханасында вакцинаның екінші компонентін алғанын айтты.

“Науқаста артериялық қысым мен жүрек ауруы болған. Бұл мәселе бойынша сот-медициналық сараптама аяқталмады. Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Үшінші жағдай Ақтөбе облысында тіркелді. Комиссияның нәтижесі бойынша науқаста созылмалы ауру болған. Ол ишемиялық инсультке алып келуі мүмкін. Оның вакцинацияға қатысы жоқ”, - деді Ажар Ғинаят.

Ғиният айтқандай, төртінші жағдай бойынша екінші компоненттің 12-күнінде болған. Ол бойынша әлі комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр