Шешенстан президенті Рамзан Қадыров тағы бір қазақстандық науқас әйелге көмектесті (видео)
Павлодарлық Анна Пономарь Шешенстанның тұңғыш президенті Ахмат-Хаджи Кадыров атындағы қордан 2,6 млн теңге алды.
Бұл қаражат Астанада өткен WFCA 35 турнирінен түскен табыс. Ақшаны қазақстандық науқасқа аудару туралы ұсынысқа Шешенстан президенті Рамзан Қадыров қолдау білдірген, деп жазады Instagram желісінің vpavlodare тобында.
Науқас келіншектің анасы бұл көмекке көзіне жас ала қуанды. Келіншектің бастапқыда денесі ауыра бастаған. Кейіннен меңі қанай бастайды. Дәрігерлер 3-4 деңгейлі меланома диагнозын қойып, аяғына ампутация жасау керектігі айтады.
2013 жылы Анна Израильде ота жасатады. Тель-Авива елінде емделіп, жақында елге оралды. Қазір тек дәрі ішіп жатыр. Дәрілер дертті тежегенімен, емдемейді. Науқас әйел биыл жазда толықтай терапиядан өтуі керек. Алайда, бұл отбасының оған қаражаты жетпейді.
Аня қазір тұрып-жүре алады. Өздігінен тамақ іше алатын болды. Бірақ дәрісіз жүре алмайды. Күніне ауырсынуды басатын дәрі ішеді.
Израильде ем жасау үшін 36,5 млн теңге талап еткен. Қазір соның 13 млн теңгесі жиналды. Анна жолдасы екеуі екі бала тәрбиелеп отыр.
Науқас келіншектің өзі желіде видеоүндеу жариялап, материалдық әрі моральді тұрғыдан көмектесіп жатқан азаматтарға, достарына, Рамзан Қадыровқа алғысын айтты.
Бұған дейін де Рамзан Қадыровтың қазақстандық науқас қызға көмектескенін хабарлаған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Аңыз боксшы Флойд Мейвезер Рамзан Қадыровтың үйінде қонақ болды (видео)
Рамзан Қадыровтың ұлы ережесіз жекпе-жекте қарсыласын 14 секундта нокаутқа жіберді (видео)
Кеңес Рақышев Рамзан Қадыровтың жиенінің тойына қатысты (видео)