Кеңес Рақышев Рамзан Қадыровтың жиенінің тойына қатысты (видео)
Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров YouTube желісінде өзінің жиені, мемлекеттің бірінші президенті Ахмат Қадыровтың немересі Хамзаттың үйлену тойындағы бейнежазбаны жария етті. Салтанатты кеш 30 сәуір және 1 мамыр күндері шешен басшысының туған ауылында өткен.

Сурет youtube.com
“Хамзат менің үлкен ағам Зелимхан Ахматұлының баласы. Біздің қуанышымызды бөлісуге ағайындарым, Солтүстік Кавказ аймағының басшысы, федералдық мекеме жетекшілері, Ресейден және басқа елдерден де қонақтар келді. Сондай-ақ, Солтүстік Кавказ министрі Лев Кузнецов та бар. Той шешен халқының дәстүрімен өткізілді. Тоймен бірге ұлттық спорттан да сайыс өткізілді. Барлығы Хамзат пен Иманға ізгі тілектерін білдірді”, – деп жазды Қадыров өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Тойдағы құрметті қонақтардың арасында Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров, Солтүстік Осетия жетекшісі Вячеслав Битаров, Қарашай-Черкес басшысы Рашид Темрезов, сондай-ақ Қазақстанның үздік бес бизнесменінің қатарына кіретін Кеңес Рақышев та болған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады