Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғардағы Шерзат Болаттың өлімі: 10 адам күдікті деп танылып, бес қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы үш адам ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото скринделген

Айта кетейік, бұған дейін жеті адамның ұсталғаны туралы хабарланған еді. Осылайша тұтқындалғандардың саны 10-ға жетті.

Қорқыту бабы бойынша іс жәбірленушінің арызына байланысты басталғанын Әленов атап өтті. Сонымен қатар оқиғаға қатысты бейнежазбаның "таралуы" бойынша да тергеу жүріп жатыр.

"Бұл видеоның әлеуметтік желілерге қалай түскенін анықтау қажет. Бұл іс аясында тексеретін боламыз", – деді ішкі істер министрінің орынбасары.

Бұл іс бойынша 10 адам күдікті ретінде қаралып жатыр, тағы екеуі тергеу шеңберінде. Ұсталғандардың туылған жылдары 1993, 1996, 1998 және 2000 жылдар. Олардың арасында бұрын сотталғандар бар екенін ІІМ атап өтті. ІІМ өкілі олар не себепті жанжалға араласқанын айтудан бас тартып, тергеу құпиясын сылтау етті. Барлық мәліметтер сотта белгілі болатынын Әленов нақтылады.

Ұсталғандардың ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы жоқ екенін айтты.

“Осы іс шеңберінде мен ұсталғандардың қысқаша сөзбен сипаттамасын беруге рұқсат етіңіз. Екеуі ипподромда ат күтуші болып жұмыс істейді. Біреуі "Шымбұлақта" жұмысшы, тағы бірі "Ақбұлақта" күзетші, ал екеуі сұлулық салондарында жұмыс істейді”, – деп жауап берді Берік Адамов.

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне әкелген жанжал бойынша Ішкі істер министрлігі бес алдын ала тергеу бастады. Олардың арасында "қылмыс туралы хабарламау" да бар. Шерзат Болаттың өлімінен кейін полиция кісі өлтіру, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау баптары бойынша қылмыстық істер қозғады.

"Қылмыс туралы хабарламау" ісі көлікте отырған үш адамға қатысты қозғалған. Бірі Volkswagen көлігінде отырған, төбелеске қатыспаған, бірақ полицияға хабарласып "Төбелес болып жатыр" деп айтуы мүмкін еді. Егер ол солай істесе, біз оны қылмыстық жауапкершіліктен босатар едік. Мүмкін, кісі өлтіру де болмас еді. Ол мұндай әрекет жасамаған, бірақ қылмыс туралы хабарламаған", – деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.

"Талғар ауданында Хутор деп аталатын аудан бар, оның тұрғындарын "Хутордан" деп атайды. Мүмкін, бір жерлерде бұл атау қалып қойған, адамдар үйреншікті түрде солай атайтын шығар. Қазіргі мұндай ұйымдасқан топ жоқ", – деп мәлімдеді Алматы облысының прокуроры Берік Адамов.

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқаратын Аслан Қасымбаев туралы, оны ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысының бауыры деп атағандарға қатысты ІІМ бұл мәселені түсіндірді. Мемлекеттік қызметке орналасар алдында арнайы тексеру жүргізіледі. ІІМ-нің болжамы бойынша, Қасымбаев осы тексеруден өткен.

"Еңбек кодексі тікелей туысының сотталғандығы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салмайды және шектемейді. Мұндай жағдай болуы мүмкін: ол мемлекеттік қызметке орналасты. Ал оның бір туысы кейін қылмыс жасауы мүмкін. Бұл мемлекеттік қызметкер жұмыстан кетуі керек дегенді білдірмейді", – деп түсіндірді Адамов.

Шерзат Болаттың нақты неден қайтыс болғаны туралы ІІМ әзірге айта алмайды деп мәлімдеді Әленов. Полиция сараптама нәтижелерін күтіп отыр.



Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. 14 қазанда марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты бұрынғы “Хутор” ауылының тұрғындары пікір білдірген еді. Ал кешке қарай Хасанның өзі экранға шығып, үндеу жасаған. Ол адвокат жалдағанын, өзін “Хутор бандасының” басшысы деп қаралағандармен соттасатынын айтқан.

Талқылау