Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шегірткенің зардабын есептейтін әдістеме жоқ – Ауыл шаруашылығы министрі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров елімізде биыл шегірткемен күреске қанша ақша бөлінгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, өткен жылы шегіртке 1,5 миллион гектарға таралса, биыл зиянкеске қарсы дәріні кеш алғандықтан, жәндіктер 2,5 миллион гектар жерге жайылып кетті.

“Күзде жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2,5 миллион гектар жер өңдеуді қажет ететіні белгілі болды. Бірақ бекітілген бюджетте бұған небәрі 4,2 ​​миллиард теңге бөлінген. Бұл мәселе бойынша үкімет басшысы бізді қолдап, тағы 3,9 миллиард теңге бөлді. Сондықтан қаражат та, дәрі-дәрмек те жеткілікті. Шегірткемен күресу үшін 427 техника, 36 ұшақ және 36 дельтаплан жұмылдырылды. Зиянкестер жыл сайын жерге шашылатын дәріге үйреніп қалған. Осы себепті препарат өзгертілді”, – дейді министр.



Ол шегірткеге қарсы шашылатын дәрінің тиімді екенін алға тартты. Айтуынша, зиянкестердің 90%-ы препараттардың әсерінен қырылған. Сондай-ақ министр Өзбекстан тарапынан қауіп төнгенін жасырмады. Сөйтіп оларға хат жолдап, министрімен сөйлескен.

“Тиісті жұмыстар басталып кетті. Біз шекараны белгіледік. Сөйтіп премьер-министр мені Ақтөбеге жіберді. Біз ресейлік тараппен сөйлестік. Шегіртке бізге Ресей Федерациясының Орынбор облысынан ұшып келе бастады. Оларда техника да, ұшақ та болмаған. Сондықтан олар бүгінде технологияны шыңдап жатыр. Олар соңғы үш-төрт күннен бері жұмысқа белсенді түрде кірісе бастады”, – дейді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар министр елімізде шегірткенің зардабын есептейтін әдістеме жоқ екенін атап өтті.

Бұған дейін отандық ғалымдар шегірткені аулап, шетелге сатуды ұсынған еді.

Талқылау