Шавкаттың басты қарсыластарының бірі саналатын Хамзат Чимаев Қазақстанға үндеу жасады
UFC тұжырымының танымал спортшысы, Шавкат Рахмоновтың басты қарсыластарының бірі саналатын Хамзат Чимаев Қазақстан еліне рақметін айтып, үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sportsmanor.com
Ұлты шешен швециялық спортшы Хамзат Чимаев осыдан 80 жыл бұрын совет билігі көшіріп жіберген шешен халқын жылы шыраймен қарсы алып, қиын-қыстау кезде сол үй-күйсіз қалған қоныстарушыларға пана болған қазақтарға алғысын айтты. “Алла сендерге разы болсын, Қазақстан”, – деп жазды жеңілістің дәмін татпаған UFC тұжырымының “жұлдызды” спортшысы.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев UFC тұжырымында бір салмақта өнер көрсетеді. Жеңілістің не екенін білмейтін спортшылардың жекпе-жегін күтіп жүрген жанкүйерлердің қарасы көп. Бірақ Хамзат соңғы жекпе-жегін орта салмақта (84 келі) өткізіп, Камару Усманды жеңген болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

