Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шатырына Аяз ата жасап, ауласына шырша шығарған": Павлодарда ерекше безендірілген тұрғынның үйі жұртты тәнті етті

Павлодарда тұрғындар үйлерін ерекше етіп безендіріп, көпшілікті сүйсіндірді. Биыл тіпті қала жұртшылығының кейбірі шатырына Аяз ата шығарып, қақпасына шырша салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: сюжет кадрларынан скрин

Надежда Мессер 5 жылдан бері қала тұрғындарына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, үйін ерекше безендіріп қояды. Ол безендіруге он күн бұрын дайындалады екен. Ауласы мен үйінің ішін де ұмытпайды.

Ерекшелігі де сол, ол жыл сайын жаңа атрибуттар қосып жаңашаландыруға тырысады. Биыл ол шатырына Аяз ата шығарып, қақпасына шырша салған.



“Бұл ой маған күтпеген жерден келді. Алдымен ауламды аздап сәндеп қойдым. Содан соң тағы бір әшекей қостым. Бес жылда осындай дәрежеге жеткіздім. Келер жылы бұдан да ерекше жасау ойымда бар. Басында осыны өзім үшін істеп едім, сөйтсем, қала тұрғындары да күтеді екен. Әрі-бері өткен адамдар: "Биыл үйіңізді безендірмейсіз бе?" деп сұрайды. Оларға да ұнайтын болып тұр ғой”, – деді Надежда Мессер.

Талқылау