Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шашынан сүйреп, жерге құлатқан: Ақтөбедегі қыздар төбелесінен кейін білім басшысы сөгіс алды

Ақтөбе облысындағы мектеп оқушыларының төбелесінен кейін аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы жасөспірімдер төбелесі аудандық білім бөлімінің басына таяқ болып тиді. Істің немен аяқталары сот шешімінен кейін белгілі болады.

"Қеңқияқтағы оқушы қыздар төбелесіне қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Ата-аналарға, балаларға қандай шара қолданылатыны тергеу аяқталып, сот шешімі шыққан соң ғана белгілі болады. Негізі оқиға 20 қыркүйек күні болды. Облыстық білім басқармасы 21 қыркүйекте ғана білді. Ақпарат кеш жетіп тұр. Оған дейін аудандық білім бөлімі, ішкі істер бөлімі, прокуратура тарапынан зерделеу жұмысы жүргізілген. Ал үш директор жұмыстан шығу туралы арыз жазып кеткен. Оларды орнынан босату негізсіз болғандықтан, қызметіне қайта оралды. Алдағы аптада аудан мектептеріндегі тәрбие жұмысы қаралады. Тергеу аяқталған соң қызметін толық атқара алмаса, директорларға қатысты шешім қабылданады", - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.


Қазіргі кезде Темір аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Айта кетейік, Ақтөбеде оқушы қыздар өздерінің төбелесін видеоға түсірген. Видеода бір-бірін шашынан сүйреп, жерге құлатқан қыздардың бейнесі бар. Кейіннен балағат сөз айтып, бір-бірінің сөзін көтере алмаған соң, төбелес шығарғаны белгілі болды.

Талқылау