Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өтірік кешірім сұрап тұр": Меруерт Түсіпбаева аяусыз төбелескен хиджабтағы қыздар жайлы айтты

Ақтөбедегі оқушы қыздардың төбелесі көпшілікті шошытты. Бір-бірін аяусыз ұрған қыздар, төбелесті видеоға түсіріп тұрған оқушылар елдің қызу талқысына түсті. Бұл ретте әнші Меруерт Түсіпбаева кінәлі қыздардың әрекеті жайлы айтты. Олар амалсыздан кешірім сұрап тұр дейді.

Айта кетейік, 20 қыркүйек күні мектеп оқушылары арасында жанжал шықты. Оқушы қыздар 8-сынып оқушысын ұрып-соқты. Өзге куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алды. Аталған фактімен "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Оқиғаға қатысты үш мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілеріне тәртіптік жаза қолданылды.

Төбелескен қыздар кешірім сұрап, бұл әрекетіне өкінетіндерін айтты. Меруерт Түсіпбаева кінәлі қыздардың өкінішіне күмәнмен қарайды. 

"Бұлардан қандай ана шығады? Кімді тәрбиелеп шығады? Ата-анасы қайда қарап отыр? Іс насырға шауып, жауапқа тартылатын болған соң, ата-анасына айыппұл салынатын болған соң қыздар өтірік жылап, кешірім сұрап тұр. Төбелескен қыздар хиджаб киіп алыпты. Олардың ендігәрі мұндай арсыздыққа бармайтынына сене алмай отырмын. Сіздер де солай ойлайсыздар ма?", - деп жазды әнші

Бұған желі қолданушылары әртүрлі пікір жазып қалдырды. 

"Қандай ана осы қыздарды туып, тәрбиеледі екен, көргенсіздер", "Мектеп жоқ, алаңсыз балалардың іші пысты, бұзылады сосын", Өтірік экран алдында кешірім сұрау мода болып кетті ғой, былай шыға мəз болып күліп, осы істерін жалғастыра береді-ау. Сенбеймін", "Масқара! Жаны ауырмайтын, жауапсыз қылығы басым, есі кірген қыздар екен. Жақсы адам болып, тәрбиелі ұл-қыз өсіреді дегенге сену өте қиын! Бір кем дүние!", "Кешірім сұрауға келгенде хиджаб киіп алғаны несі, сонда кешірім етеді деп тұр ма? Орамалдың мәнін түсінбегендер", - деп жазды олар. 

Талқылау